Басты бет » Жаңалықтар » Балалық шақ әлемі қандай ғажап: 1 миллионнан астам бала флешмобқа қатысты

Балалық шақ әлемі қандай ғажап: 1 миллионнан астам бала флешмобқа қатысты

Фото: http://186.alschool.kz/

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде екі күндік «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» флешмобы өтті. Оған республика бойынша 1 миллионнан аса бала қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына сілтеме жасап.

Флешмобқа қатысушылар қатарында мектеп оқушылары мен колледж студенттері бар. Шараға ата-аналар да үлес қосты. Спорттық және шығармашылық флешмоб аясында 700 мыңға жуық бала тоғызқұмалақ, асық ату секілді ұлттық ойындарға қатысып, футбол, волейбол, жүгіру, теннис, шахматтан жарысты. Сондай-ақ, 400-ден аса бала өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі.

Ұлттық тағамдар дайындап, қолөнерлер бұйымдарының көрмесін өткізді. Танымал дизайнер, спортшы, өнер иелерімен кездесті. Айта кетсек, Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен флешмоб Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды.